Нұр-Сұлтанда түлектердің бірін ҰБТ-ға кіргізбей қойды
Ыстығы шыққан 1, коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 3, телефон алып кірмек болған 20 түлек тестілеуге қатыспады.
17:06 21.06.2020
Нұр-Сұлтан қаласында дене қызуы көтеріліп тұрған оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеді. Мұндай жағдайға душар болған түлектер 15 шілдеге дейін тест тапсыра алады. Сондай-ақ коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 3 оқушы тестілеуге жіберілмеді. Олар денсаулығын әбден тексергеннен кейін, яғни ПТР-тестен өткен соң емтиханға кіреді. Ал Шымкент қаласында өзімен телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге қатыспады.
Оқушылар емтиханда 4 сағат отырады. Ата-аналар тестілеуді онлайн қарауға мүмкіндік алған. Арнайы сайтқа кіріп, әркім өз баласын бақылап отырса болады. Сондай-ақ оқушылар аудитория ішінде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға міндетті. Бір бөлмеде 18-20 ғана түлек отырады.
Бүгін, 21 маусымда ҰБТ басталды. Алғашқы күні республикадағы 161 пункттің 51-і жұмыс істеді. Биылғы ерекшелік әр оқушыға калькулятор қолдануға рұқсат бар. Тек олар оны өздерімен алып кіре алмайды. Аудитория ішінде қажет еткен түлекке беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары