Елордада бойжеткен 8-қабаттан жігіттің артынан секіріп кетті
Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйден әйел мен ер адам секіріп кетті.
08:40 22.06.2020
«21 маусым күні сағат 19.22-де қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника суицидке барғалы тұрған әйел туралы хабар бойынша Қабанбай батыр, 40 мекенжайына («Инфинити» тұрғын үй кешені) шықты. Құтқарушылар «өмір кубын» (ауа толы жастықша) дайындады. Әйел құтқарушылардың әрекетін байқап, ауланың келесі бетіне ауысты және айтылып жатқан сөздерге мән бермеді», - деді Төтенше жағдай департаментінен.
34 жастағы келіншек төменге секірген. Ол құтқарушылар дайындаған ауа жастықшасына құлап, екпінмен жертөлеге кіреберісте орнатылған күнқағардың үстіне түскен. Ол бірден жедел жәрдем көлігіне жатқызылды. ТЖД-дан мәлім еткендей, келіншек туралы хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлаған.
Аталмыш хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлады (немесе секірді). Оны да жедел жәрдем көлігі алып кетіп, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта келіншек пен ер адам 2-ші қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Ер адамның жағдайы ауыр. Әйелге медициналық тексеру жүргізілуде.
«31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі амалдар басталды", - делінген ресми хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары