Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды
Жаңаөзенде жергілікті тұрғын қару қолданған ер адамды видеоға түсіріп алды.
09:47 22.06.2020
Кадрда екі жас жігіттің қара жол талғамайтын көлікке бара жатқанын көруге болады. Олардың бірінің қолында қару болған. Айқай-шу, оқтың дауысына ұқсас дыбыстар естіледі. Содан кейін жол талғамайтын көлік кетіп, кадрға жердегі кір түсіп қалады.
"Бұл қан", - дейді кадр сыртында әйел.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір автокөлікті, сондай-ақ видеодағы адамдарды іздестіру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Аталған факті бойынша "102" пультіне шақырту түскен жоқ. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да шағым түскен жоқ", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!