{metadescription}
Ата-аналары ұмытып кеткен екі кішкентай бала көліктің ішінде көз жұмды

Ата-аналары ұмытып кеткен екі кішкентай бала көліктің ішінде көз жұмды

Иранның батысындағы Керманшах қаласында екі кішкентай бала ыстықтан және тұншығудан көз жұмды.

Бүлдіршіндерді ата-аналары екі сағаттан астам  уақытқа автокөлікте жабық қалдырып кеткен.

"Бір-біріне немере ағасы мен қарындасы болып келетін 3 жасар қыз мен 4 жасар бала олардың біреуінің жанұясының иелігіндегі "Саманд" маркалы автокөлікте ата-аналарының қарауынсыз қалып қойған. Автокөлікке күн сәулесі түскен, балалар көліктен шыққысы келгенде, олар есіктің құлыптаулы екенін түсінген", - деді Керманшах провинциясының құқықтық тәртіп күштерінің өкілі Мохаммад Кесу Амуи.

Құқық қорғау органдарының қызметкерінің айтуынша, балалардың ата-аналары олардың жоқтығын екі сағаттан астам уақыт өткеннен кейін анықтаған. Кейінірек олар екі баланы машинада қозғалыссыз жатқан жерінен тапқан. Балалар дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ оларды құтқара алмады. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде