Алдағы күндері елімізде күн күркіреп, жауын жауады
Синоптиктер 2020 жылдың 23-25 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынады.
14:49 22.06.2020
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы үш күнде ауа температурасы күрт төмендейді. Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын болып, жел соғады. Дегемен кейбір амақтарда жылы ауа сақталады.
"Суық атмсофералық фронттың өтуімен Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр және ауа температурасының түнде 5-10 градус, күндіз 22-27 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталғанымен, жекелеген аудандарда найзағаймен өткінші жаңбырдың болуы да ықтимал", -делінген ауа райы болжамында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары