{metadescription}
Тағы бір қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

Тағы бір қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

1952 жылы туған Жаңаөзен тұрғыны коронавирустан көз жұмды.

68 жастағы ер адам әлсіздік сезініп, дене қызуы көтерілгенде өзі медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық байланыс орталығы хабарлады.

Маңғыстау облыстық Қоғамдық байланыс орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен қалалық көп профилді ауруханасында пандемия басталғалы бері 60 адам коронавирус ауруынан емделіп, айыққан. 21 маусымдағы жағдай бойынша, Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының жұқпалы аурулар ауруханасында 9 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, ал жеті науқастың жағдайы - орташа.

Қазақстан бойынша барлығы 121 адам қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде