Жамбыл облысында 8 жасар бала бассейнге батып кетті
Жамбыл облысында 8 жасар бала суға кетті.
17:20 22.06.2020
Кеше, 21 маусым сағат 15:30-да Жуалы ауданы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағындағы демалыс аймағының бірінде орналасқан тереңдігі 3 метр бассейнде 2012 жылы туған бала суға батып кетті.
«Бала ересектердің қарауынсыз қалған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен бір техника шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіп жатқан жұмысына және күнделікті рейдке қарамастан қайғылы оқиға орын алып отыр. Бұл - биылғы бесінші қайғылы оқиға. Шомылу маусымы басталғалы бері бес адам суға батып, оның біреуі құтқырылған. 4 адам көз жұмды, оның үшеуі - бала», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Аида Құдайқұл.
Департамент өз кезегінде азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары