Нұр-Сұлтанда қайтадан блокпостар қойыла ма
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова «Нұр-Сұлтанда қайтадан блокпостар қойылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
20:30 22.06.2020
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын бақылауда, сондықтан өткен аптада қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен демалыс күндеріне карантин жарияланды. Енді осы күндердің жай-күйіне қарай қаланың бас санитар дәрігері шешім қабылдайды», - деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бұған дейін спикер елордада жедел жәрдем базасындағы колл-орталыққа жүгінушілер саны күрт өскенін хабарлаған еді. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны үш есе артты, 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!