Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
10:41 23.06.2020
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!