{metadescription}
Қостанай облысында газ баллон жарылып, екі әйел қаза тапты
Бүгін таңғы сағат 4:12-де Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды, өртенген үйден екі адамның денесі шығарылды.
12:47 23.06.2020
"Өрт сөндірушілер келгенше жалын баспананың 80 шаршы метр аумағына тарап кеткен. Құтқарушылар үйден екі газ баллонын шығарып үлгерді. Біреуі жарылып өртке себеп болған", - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан 1937 және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!