{metadescription}
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев кінәлі деп танылып, 11 жыл және 2 айға сотталып отыр.

Алмазбек Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысы бар деп айыпталған болатын. Көрші елдің экс-президенті 11 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік айыптаушы Алмазбек Атамбаевты 15 жылға соттауды сұраған болатын.

Азиз Батукаевты заңсыз босату

Батукаев 2006 жылы 16 жыл және 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. 2013 жылы "ауыр дертке" байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босап, Қырғызстаннан кетті. Ішкі істер министрлігі Батукаевтың жалған диагноз қою арқылы Атамбаевтың тікелей нұсқауымен босатылғанын мәлімдеді. Атамбаев қылмыс әлемінің серкесін босатуды ұйымдастыруды сол кездегі ішкі істер министріне тапсырған.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Алмазбек Атамбаевты куәгер ретінде үш рет жауап алуға шақырды. Бірақ ол бірде біреуіне барған жоқ. Осыдан кейін күш құрылымдары экс-президентті күшпен әкелуге бел буды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде