{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі
Батыс Қазақстан облысында қосымша шектеу шаралары енгізілді.
11:06 24.06.2020
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыс аумағында 2020 жылдың демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін:
Төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруын шектеу:
- - жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік);
- - азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;
- - шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- - үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;
65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылады.
Келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:
- - сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, базарлар, сауда желілері, оның «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдарын қоспағанда;
- - фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;
- - саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және өзге де демалыс орындары;
- - қоғамдық көлік жұмысы;
- Қоғамдық тамақтандыру нысандарынан тек 30-дан аспайтын отыратын орны бар (әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып), сондай-ақ шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- 2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram