Кентауда екі жасөспірім төбелесіп, біреуі екіншісіне пышақ салған
Түркістан облысы Кентау қаласы маңындағы ауылда екі жасөспірім төбелесіп қалған.
17:22 24.06.2020
Мектеп оқушыларының бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, пышақ жарақатын алған жасөспірім Түркістан қаласының балалар ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер жасөспірімдер арасындағы төбелес 22 маусым күні болғанын анықтаған. Әрі жасөспірімдер болған оқиғаны жасыруға тырысқаны белгілі болды.
«Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ол палатаға ауыстырылған. Ал күдікті қамауға алынып, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!