{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты демалыс күндері карантин күшейтіледі.

"Төсек-орын қорының 71%-і бос болмауына және 7 күн ішінде ауырғандардың репродуктивті санының мәні орта есеппен R>1.3 болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының аумағында демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы 00.00-ден 2020 жылдың 29 маусымы 00.00-ге дейін шектеу шаралары уақытша күшейтілсін", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Билік облыс тұрғындарын көршілер, туысқандар мен әріптестердің үйіне қонаққа бармауға шақырды. Отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды. Облыс бойынша, сондай-ақ, елді мекендер арасында жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі.

Тек мына жағдайларда ғана сыртқа шығуға рұқсат:

  • үйден жұмысқа бару және қайтып келу;
  • үйге және жұмысқа жақын дүкеннен азық-түлік, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алу;
  • шұғыл жағдаймен ауруханаға бару;
  • үй жануарларын үй маңында серуендету.

Демалыста қандай нысандар жабылады

  • Қаулыға сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысы уақытша тоқтайды:
  • сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер мен гипермаркеттер);
  • бизнес-орталықтар;
  • автокөлік, киім-кешек, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары;
  • қоғамдық көлік;
  • сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ бояу студиялары, барбер-шоп, солярий, массаж орталықтары және қызметтер саласының осыған ұқсас нысандары;
  • қоғамдық моншалар, монша кешендері, сауналар;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (жеке және заңды тұлғалармен жұмыс);
  • қоғамдық тамақтану орындары (тамақты үйге жеткізу қызметі тоқтамайды);
  • туризм объектілері мен қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және тағы басқа);
  • жағажайлар;
  • білім беру орталықтары, үйірмелер;
  • ғибадат ету орындары;
  • спорт нысандары, мәдени нысандар.

Сондай-ақ, демалыста тұрғын үйлердің кіреберістері, балалар және спорт алаңдары дезинфекцияланады. Барлық кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары өндірістік және тұрмыстық орын-жайларда дезинфекциямен қатар толық тазалау жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. Қаулы 27 маусымда сағат 00.00-де күшіне енеді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде