{metadescription}
Қарағандыда күзет агенттігінің көлігіне қарулы шабуыл жасалды

Қарағандыда күзет агенттігінің көлігіне қарулы шабуыл жасалды

Қарағандыда қаруланған екі белгісіз адам күзет агенттігінің көлігіне шабуыл жасады.

Жол-көлік оқиғасын әдейі ұйымдастырған қарақшылар, көлік шіндегі адамдарға қару кезеніп, автокөліктегі ақшаны алып кеткен. 25 маусым сағат 10.40-та Қарағанды қаласы Складская көшесінде «ВАЗ 2110» көлігіне мінген екі белгісіз адам «Лада Гранта» автокөлігімен жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған. Автокөлік қаладағы күзет агенттіктерінің біріне тиесілі. Қылмыскерлер 24 жастағы күзетшінің ақшасы мен қаруын алып кеткен.

«Осы факт негзінде ҚР ҚК 192-бап, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Сирена» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті.

Күдіктілерді анықтап, оларды қолға түсіруге облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.