Парламент сессиясының жабылуы қашан өтетіні белгілі болды
Мәжіліс төрағасы қол қойған өкімде парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусым күні өтеді деп көрсетілген.
11:03 26.06.2020
Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкіміне сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусым күні өтеді, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған өкім мәтінінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!