{metadescription}
Елордада коронавирустан 7 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды.
11:37 26.06.2020
1961, 1941, 1959, 1946, 1951 жылы туған ер адамдар және 1971, 1958 туған әйел адамдар қайтыс болған. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл адамдарды коронавирустық инфекциядан қайтыс болды деп шешім шығарды.
Қазақстан бойынша барлығы 147 адам қайтыс болды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 19750-ге жетті.
Әлем бойынша коронавирустың жаңа толқыны таралып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!