Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара қашан ашылады
Қазақстан әзірше азаматтарға Ресеймен шекараны кесіп өтуге рұқсат бермейді.
16:12 26.06.2020
Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Олег Фисенко мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда бұл мәселе кезең-кезеңмен шешілетін болады. Әзірге Ресеймен мемлекеттік шекара жабық болып қалып, жеке автокөлікті пайдалану карантиндік шектеулер кезеңінде шекараны кесіп өту тәртібімен көзделген ерекшеліктер тізіміне енбей, шығу мүмкін емес", - деді Фисенко.
Оның айтуынша, шекараларды ашу және елдермен бұрынғы тәртіпті қалпына келтіру мәселесі кем дегенде үш негізгі көрсеткішті ескере отырып шешіледі:
- елдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту;
- халықаралық әуе және темір жол қатынастарын жаңарту мүмкіндігі мен шарттары;
- қазақстандықтар үшін шекаралардың ашықтығы мен баратын елдердің эпидемиологиялық жағдайы.
"Бүкіл халықаралық рейстер бойынша мәселе қаралуда. Шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады. Тиісінше коронавирус инфекциясы бойынша Ресей Федерациясындағы жағдайдың тұрақтануына байланысты симметриялық шешімдерді есепке ала отырып, ол бағыттағы халықаралық рейсті қайта қалпына келтіру мәселесі қаралады", - деді республиканың көлік жөніндегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!