Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
Синоптиктер 27-29 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
20:03 26.06.2020
Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклон аймағында болады. Солтүстік циклондар солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық өңірлерге мол жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура +2-10 градусқа дейін, күндіз +10-18 дейін төмендейді.
Атмосфералық фронттарға байланысты жел күшейіп, дауыл соғады және бұршақ жауады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары