Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз пневмониядан көз жұмды
25 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны пневмониядан көз жұмды.
18:10 26.06.2020
1995 жылы туған қызды жедел жәрдем тобы ауыр халде 1-ші қалалық ауруханаға жеткізген.
"Қабылдау кезінде тыныс алуы қиындап, ауа жетпей тұрды, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалды. Дұрыс тыныс ала алмағандықтан қыз ауыр жағдайда жеткізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Жас қызға ауыр екі жақты полисегментальды пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан бойжеткен 25 маусымда қайтыс болды. Оның денесінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест нәтижелері әлі дайын емес.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның астанасында пневмониямен ауыратындар саны жеті жарым есе өсті: қазір күніне 600 адамға дейін ауруға шалдыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!