{metadescription}
Алматыда 27-28 маусымда шектеулер енгізілді

Алматыда 27-28 маусымда шектеулер енгізілді

COVID-19 таралауын болдырмау мақсатында Алматыда 27-28 маусым күндері қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шараларды қабылдады. Алматы қаласында қосымша карантиндік шектеу шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап, 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес көрсетілген кезеңде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылады:

- ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік емес), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда
жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;
- қоғамдық тамақтану нысандары, көшедегі форматтағы ашық ауадағы нысандарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып;
- фитнес-орталықтар.

Базарлар қызметін 29 маусымда, яғни дүйсенбіде жалғастыра алады. Қоғамдық тамақтану объектілеріне әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтап, көше форматындағы ашық ауада ғана қызмет етуге рұқсат етілген.

Осы демалыс күндері қоғамдық көліктер де жұмысын тоқтатады. Жоғарыда аталған объектілерде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетінін атап өту керек. Қарт азаматтарға үйде болуға кеңес берілді. Полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау үшін қаланы күзетуді күшейтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде