Медеу мен Шымбұлақ демалыс күндері жабылмайды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев коронавирусты таратпау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес 27-28 маусым күндері Алматыға қосымша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлады.
09:45 27.06.2020
Оның айтуынша, маусымның 27-28 күндері қаладағы базарлар мен ірі сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік те жүрмейді. Ол нысандарда дезинфекция шаралары жүргізіледі. Дегенмен ашық табиғат аясындағы нысандар жабылмайды.
«Медеу, Шымбұлақ және өзге де ашық аспан астындағы скверлер мен саябақтар жабылмайды. Одан бөлек қаладағы арбат та ашық болады. Бұл нысандар адамдардың таза ауада серуендеуі үшін жабылмайды», - дейді әкім орынбасары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!