Маңғыстау облысында жарылыс болып, 2 адам көз жұмды
Маңғыстау облысында сұйытылған газды бір сыйымдылықтан екіншісіне айдау барысында жарылыс болып, 2 адам көз жұмды.
11:18 27.06.2020
«26 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 20.40-та Мұнайлы ауданы, Баянды ауылына жақын маңдағы «Матайбаев» жеке кәсіпкерлігінің базасында көлемі 40 текше метр стационарлық сыйымдылықтан сұйытылған газды автоцистернаға айдау барысында ауа-газ қоспасының жарылысы болды. Өрт тұтанған жоқ. Салдарынан оқиға орнында 46 жастағы ер адам және 33 жастағы ер адам – Өзбекстан азаматы мерт болды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 13 адамы мен 2 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері мен 4 техникасы шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!