{metadescription}
Ақмола облысында коронавирустан бір отбасының 3 мүшесі көз жұмды

Ақмола облысында коронавирустан бір отбасының 3 мүшесі көз жұмды

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина әкесі, анасы мен ұлы көз жұмған отбасы туралы айтып берді.

Олардың өліміне пневмония мен коронавирустық инфекция себеп болған.

"Таңертең мәлімет келді, бұрын айтқан дәрігер қайтыс болды. Ұлы Нұр-Сұлтаннан ата-анасына қонаққа келген. Нәтижесінде әкесі трамбоэмболиядан қайтыс болды (қан тамырларының өткір бітелуі (эмболия), жасы келген, бірақ ілеспе диагноз пневмония болды. Бұл бейсенбі күні болды.

Сенбі күні анасы көз жұмды. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Жүрек мәселелерінен басқа, екі жақты іріңді пневмония болған. Реанимация сәтсіз аяқталды және ол екі сағаттан кейін қайтыс болды. Зертханалық зерттеу кезінде одан COVID-19 табылды.

Оларға қонаққа келген ұлынан да коронавирус табылды. Ол екі аптадан астам уақыт ауыр халде жұқпалы стационарда болды. Күн сайын оның жағдайы нашарлады. Дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсетті, бірақ бүгін ол көз жұмды. Оның әпкесі де коронавирус жұқтырған", - деді санитар дәрігер.

Оның айтуынша, қыздың жағдайы аса мәз емес, бірақ тұрақтанды.

"Бірақ біз тергеу жүргізген кезде, бұл тізбекте оның досы да бар болды. Досының бүкіл отбасы ауырып қалды. Отбасыдан басқа, әріптестер. Әпкесінен әріптестері мен құрбысы жүұтырды. Бұл тізбек аяқталған жоқ. Кейінгі адамдар да тығыз байланыста болды. Бір адамнан - үш өлім. 15-тен астам адам ауруханаға жатқызылды. Мұнымен тоқтамайтын сияқты", - деді Айнагүл Мусина.

Айтуынша, Көкшетауда бір адамнан ғана жұқтырған жағдайлар 200-ге жетеді. Айнагүл Мусина әрбір жағдай тексеріліп жатқанын айтты, бірақ ресурстар жетіспейді. Эпидемиологтар физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршады. Күн сайын жұқтырғандардың саны өсуде.

"Біздің мамандар "зиратшы" болып кетті. Олар күн сайын бұл трагедияны көреді. Туыстары жақындай алмайды. Дене өңделген, ашуға болмайды. Эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін туыстарымен жұмыс істеу керек. Бұл өте қиын. Біз айтып отырған кеңестерді тыңдаңыз", - деді санитар дәрігер.

Оның айтуынша, бұрын көпшілігі сенбеген, бірақ қазір қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау және қайда жүгіну керектігін сұрайды.

"Егери жеңіл түрі болса, дүрбелеңнің қажеті жоқ, жеңіл түрлері ЖРВИ сияқты өтіп кетеді, ешқайда барудың қажеті жоқ. Егер жағдай нашарласа, онда ауруханаға жатқызу мәселесі шешіледі. (...) Егер ата-анасы 65 жастан асқан болса, оларға барудың қажеті жоқ. Ойланыңыз! Егер сіз жай ғана тізімдерді көрсеңіз, мен олардың тегін көремін. Өлім жағдайларын оқу өте қоқынышты, өзіңізді сақтаңыз", - деп қосты Айнагүл Мусина.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде