{metadescription}
Елорда көшелерін жаңбыр салдарынан су басты

Елорда көшелерін жаңбыр салдарынан су басты

Нұр-Сұлтанда екінші күн жаңбыр жауып жатыр.

Бірнеше көшені су басты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Әкімдіктің баспасөз қызметі қала көшелерінде 140 арнайы техника жұмылып, түнде 20 мың текше метр жаңбыр суы сорылғанын хабарлады.

"Көшелерді су басуға жол бермеу үшін нөсерлік кәріз құрылысы мен коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 шақырым, олардың үштен бірі тазалауды қажет етеді. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерлік кәріздердің уақытылы жұмысына кері әсер етеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде