Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда Абай күнін атап өту ұсынылды.
16:44 27.06.2020
Мәдениет және спорт министрлігі қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады. Қаулы авторлары Қазақстанда 10 тамызда Абай Күнін атап өтуді ұсынды. Жоба 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін талқыға түседі.
Жоба "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңның 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың 2020 жылғы 21 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда ұлы ақынның 175 жылдығы атап өтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!