Сұранысқа ие дәрілерді көптеп сатып алуға шектеу қойылады
Алматыда жиі пайдаланатын дәрі-дәрмектерді көптеп сатуға шектеу қойылады.
11:11 28.06.2020
Алматыда сұранысқа ие дәрігер нұсқаулығы жоқ препараттарды бір адамға үш қаптамаға дейін сатуға шектеу қойылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлім етті. Оның айтуынша, лимит халық арасында сұранысқа ие препараттарға енгізілмек.
"Бұл шамамен алты-жеті дәрі: парацетамол, "сумамед" (антибиотик азитромицин-ред.) және басқалар. Мысалы, парацетамолдың екі бумасы қажет, ал адам келіп, 20 бума сатып алады. Осындай жағдай болдырмас үшін біз бір қолға екі-үш бумадан артық емес дәрі сатуды көздейміз. Бұл бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие дәрілерге қатысты болады", - деді Сәлімбаев.
Ол сондай-ақ, осы препараттардың барлығы дәріханаларға жеткілікті мөлшерде түсетінін, ал көп мөлшерде сатуға шектеу қою қала тұрғындары қажетті дәрі-дәрмектерді қиындықсыз сатып алуы үшін қажет екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары