Тойды тоқтатып тастады: Алматыда карантин кезінде той жасаған кафе анықталды
27 маусымда Алматыда карантин кезінде 100 адамға арнап той жасаған кафе анықталды.
11:33 28.06.2020
Нысанды облыс әкімдігінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен полиция өкілдерінен тұратын мобильді топ тапты. «Достлук» кафесінің қожайыны (Санлақ көшесі 1, Нұршашқан шағын ауданы) жазаланды. Ол үшін әкімшілік хаттама жасалып, той уақытынан бұрын тоқтатылды. Алматыда санитарлық нормала мен шектеулі шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!