{metadescription}
Қазақстандық еріктілер Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс жасауға жіберіледі

Қазақстандық еріктілер Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс жасауға жіберіледі

Қазақстаннан еріктілерді БҰҰ-ға жұмыс жасауға жіберіледі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ОКҚ-да өткен брифингте айтып берді.

"Қазіргі уақытта БҰҰ-мен тиісті заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, оның аясында адамдарды еріктілердің қызметіне қатысуға ынталандырудың практикалық тетіктері жасалады. Сонымен қатар, биыл 7 қазақстандықды БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеуге ерікті ретінде жіберу жоспарлануда. Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік еріктілер мен бастамалар "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығымен марапатталатын болады", - деді Балаева.

Ол Мемлекет басшысының биылғы жылды "Еріктілер жылы" деп жариялау туралы бастамасы еріктілер қозғалысының дамуына үлкен серпін бергенін еске салды. Сонымен, оның айтуынша, Республикалық "Біргеміз" фронт-офисінің қолдауымен волонтерлік штаб құрылып, "сенім телефондары" ашылды, әлеуметтік осал топтарға атаулы көмек көрсететін 40 мыңға жуық ерікті тартылды.

"Нәтижесінде, елдегі төтенше жағдай кезінде қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Бұл соғыс және еңбек ардагерлері, жалғыз басты қарттар, көп балалы отбасылар, аз қамтамасыз етілген отбасылар", - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде