Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір күнде үш рет жол апатына ұшыраған: Алматыда көлік жарылып, бір адам өлім құшты
Алматы қаласы Бостандық ауданы Экспериментальная база көшесінде адам өлімі орын алды.
11:37 01.07.2020
Куәгерлердің сөзінше, Peugeot көлігі үш рет жол апатына түсіп, үшінші жол-көлік оқиғасында қатты зардап нәтижесінде көлік жүргізушісі көз жұмған. Peugeot автокөлігі осы көшеде жоғары жылдамдықпен солтүстік бағытта келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші жол жиегіне шығып, шағын аллеядан өтіп, бетон қабырғасын бұзып, одан ұшып кетіп, газ құбырына соғылған. Содан кейін жарылыс орын алып, машина толығымен жанып кетіп, көлік ішінде адам опат болған.
Оқиға орнына келген куәгер осы көліктің Мақатаев көшесінде Назарбаев пен Панфилов көшелерінің арасындағы жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткенін айтады, Онымен қоса көлік Ремизовка мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында тағы бір апатқа ұшырап, ол жерде де оқиға орнынан ізін суытқан. Түнде орын алған үшінші апатта жарылыс болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram