{metadescription}
Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылды деген ақпарат

Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылды деген ақпарат

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бүгін түнгі сағат 2:00-де балаларға зиянды зат шашылды деген ақпарат тарап жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті.

«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы - «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде