Моңғолияда адамды бір күнде өлтіретін бубон обасы тарай бастады
Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.
21:55 01.07.2020
Коронавирус пандемиясымен сәтті күресіп келген Моңғолия енді бубуон обасының таралуына байланысты карантинге жабылуда. Елдің батысындағы Ховд аймағының екі сомонында белгісіз мерзімге карантин енгізілді. Бұл жақта суыр етін жеген моңғолдар жұқпалы кеселге тап болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болып, бір жас қыз ауыр жағдайда жатыр.
Бойжеткен 60 адаммен тікелей қатынаста болып, 400-дей адаммен жанама қатынаста болған болуы мүмкін, деді елдің Ұлттық зоонозды жұқпалы аурулар орталығы. Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру. ДДСҰ дерегінше, бұл ауру дер кезінде ем жасалмаған жағдайда ересек адамды 24 сағаттың ішінде өлтіре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!