Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО тұрғыны 5 күннен бері іздестірілуде
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұратын 32 жастағы Андрей Щука 26 маусым күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Оның жоғалып кеткені жөнінде туыстары әлеуметтік желілерге хабар берген. Ал полицияға 1 шілде күні ғана жүгінген. Қазіргі кезде А.Щуканы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпаратқа ие азаматтар 8-747-379-14-79, 8-778-206-13-31 немесе 102 телефонына хабарласа алады.
08:37 02.07.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!