Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ресейлік танымал актер Геннадий Хазанов ауруханаға түсті
Актер, мәскеулік Эстрада театрының басшысы Геннадий Хазанов ауруханаға түсті.
11:14 04.07.2020
Қазіргі уақытта әртіс аурухананың кардиологиялық бөлімінде жатыр. 5-tv.ru мәліметі бойынша, дәрігерлер Хазановқа тұрақсыз стенокардия диагнозын қойған. Жұмада бірқатар БАҚ-та Хазановтың жағдайы нашарлағаны хабарланған, олар әртістің көмекшісіне сілтеме жасаған. Кейін әртіс өзін жақсы сезінетінін мәлімдеді.
Геннадий Хазановтың жасы - 74-те. Ол көрермендерге "Тихие омуты" (2000), "Снежная королева" (2003), "Кавказская пленница" (2014) және басқа да фильмдермен танылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram