Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пневмония, ЖРВИ және коронавирустың жеңіл түрлерінен үй жағдайында емделетін адамдарға тегін дәрі алу тәртібі
Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен ЖРВИ және ауруханадан тыс амбулаториялық ем жүргізілетін пневмония диагнозы бар науқастар қамтамасыз етіледі.
12:00 04.07.2020
Жіті респираторлық вирустық инфекция анықталған жағдайда ересектер антибиотиктермен, балалар - антибиотиктермен және дене қызуын түсіретін препараттармен қамтылады. Бүгінгі таңда ЖРВИ және пневмония симптомдары бар науқастар санының артуына байланысты, барлық облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларына "СҚ Фармациясына" қосымша өтінімдер жолдау жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл препараттар "Фармация" СК қоймаларында бар, сондай-ақ өңір бюджеттерінде қажетті дәрілік заттарды сатып алуға ақшалай қаражат қаралған.
Тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді медициналық қызметкерлердің мобильді бригадалары науқастардың үйіне жеткізіп береді. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, "Covid-19" вирусы бар науқастарға емханаларға келуге тыйым салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram