Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қандай жолаушылар пойызының тоқтатылатыны белгілі болды
5 шілдеден бастап елімізде бірқатар бағытта жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады.
13:27 04.07.2020
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен осы жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 шілдеден бастап 22 бағдар бойынша қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Бұған қоса, жолаушылар пойыздарындағы жалпы вагондар және Тальгоның 6 пойызындағы отырып баратын вагондар жабылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram