Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ресейде коронавирустан қайтқан науқастардың саны 10 мыңнан асты
Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 10 мыңнан асып кетті.
22:27 04.07.2020
Бүгін жаңа инфекциямен күрес жөніндегі шұғыл штаб 10 мың адам коронавирустан қайтқанын, бұл - барлық ауру жұқтырғандардың 1,49 пайызы екенін жеткізді. Бұл - әлемдегі орташа көрсеткіштен шамамен үш есе аз. Өткен тәулікте 168 адам індеттен көз жұмған. Ал одан бір күн бұрын бұл көрсеткіш 176 еді. Өсім - шартты түрде 1,7%. Мамырдың соңғы аптасында және маусымның басында Ресейде ауру өршіп тұрғанда өсім 3-5% төмендемей қойған еді.
Штабтың мәліметінше, елде коронавирустан 10 027 адам қайтыс болған. Орта есеппен алғанда 100 мың ресейлікке 7 өлімнен келіп тұр. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары: билігі қатаң карантин енгізуден бас тартқан Швецияда 100 мың адамға - 54 өлімнен келеді, ал Италия мен Испанияда - 58 және 61-ден, Ұлыбританияда - 65-тен келеді.
Әйтсе де, шұғыл штабтың мәліметі - ең соңғы қорытынды ақпарат емес. Олар сәуірдегі РФ вице-премьері Татьяна Голикова ұсынған нақтыланған өлім-жітім статистикасын ескермейді. Сондай-ақ Мәскеу билігінің сәуір мен мамырда қайтқандар туралы мәліметін де есептемеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram