{metadescription}
Денсаулық сақтау министрі шымкенттік дәрігердің видеоүндеуіне жауап берді

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік дәрігердің видеоүндеуіне жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желіде кеңінен тараған Шымкент қаласындағы жекеменшік клиниканың дәрігері Айна Бакееваның коронавирусты емдеу хаттамасын қайта қарастыру қажеттігі туралы видеосына пікір білдірді.

«Бұл видео белсенді түрде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады... Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылып жатқан барлық клиникалық хаттамалардың ең алдымен халықаралық деңгейде мойындалғанын, нақтыланған әдістемелердің қолданыста екендігін түсіну өте маңызды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, пациенттермен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер препаратты қалай және қандай мөлшерде қолдану керектігін, кімде асқыну бар екенін, кімге препаратты қолдануға болмайтынын жақсы біледі.

«Әріптестеріміз аталған дәрігермен байланысып, сөйлесіп, дәйектері мен дәлелдерін тыңдауға, оны ғылыми қауымдастықта талқылауға тырысқан еді. Өкінішке қарай, оған қоңырау шала алмадық. Әріптестеріміз үйіне де барды. Бірақ, байланыса алмадық. Бірақ, біз бұл жайттарды кез келген уақытта талқылауға дайынбыз», - деді Алексей Цой.

Мұның алдында реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде