Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда коронавирусты жаңа дәрімен емдей бастайды
Қазақстанда стационарда коронавирусты емдеу хаттамасы кеңейтілді.
08:40 06.07.2020
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Стационарлық буын деңгейінде емдеу сызбасын кеңейттік. Клиникалық хаттамаға жаңа препарат - фавипиравирді қостық. Олар көрші елдерде, еуропалық өңірде, Жапонияда кеңінен қолданылады. Препарат таяу уақыттың ішінде пациенттерді стационарлық емдеу үшін жеткізіледі. Ол коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандарды емдеуге ғана қолданылады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, жақын арада Қазақстан аталған препаратты өзі шығара бастап, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
«Мұнан бөлек, шетелдік әріптестерімізбен бірге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны апробациялау бойынша клиникалық зерттеу аяқталуға жақын», - деді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram