Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәрігер: Коронавирусқа қарсы препараттардың жанама әсері бар
Медицина ғылымдарының докторы жоғарғы санатты дәрігер Раушан Жомартқызы Қарабаева коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің жанама әсері бар екенін айтып, вирустың ауыр зардаптарын түсіндірді.
14:08 08.07.2020
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Раушан Жомартқызы үй жағдайында коронавирустық инфекцияны емдеудің негізгі тәсілдеріне тоқталды.
"Коронавирус инфекциясынан өздігінен емделу мәселесіне тоқталғым келеді. Біз қазір симптомды және аз симптомды науқастардың үйде емделуін айтып жатырмыз. Дәрігерлер ондай науқастардың емін реттеуі керек. Аз симптомды ауруы бар науқастар вирусқа қарсы және антибактериялық препараттарды қолданбауы керек. Ондай науқастар ақуызы көп тамақты ішіп,сұйықтықты көп тұтынып, С, D витаминдерін қолдану керек.Температура көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибуфен ішу керек", - деп түсіндірді дәрігер.
Оның сөзінше, дәрі-дәрмекті мамандардың нұсқауынсыз қолдансаңыз, арты ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Коронавирустан емдейтін препараттарды мөлшерден тыс, немесе қажет емес жағдайда ішудің өзіндік салдары бар, деп жазады stan.kz.
"Витаминді көп мөлшерде қолдану өкпенің ауруларын асқындырып жібереді. Қызу 38 градустан жоғары болып, токсикацияның симптомдары пайда болса, пневмонияның өршуін болдыртпай, дереу дәрігерге көріну қажет. Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады. Мәселен, лопинавир, ремдесивир,фавипиравир және гидрокси-хлорофилл. Алайда бұл препараттардың салдары туралы да ұмытпаған жөн. Симптомсыз науқастар бұл препарттарды қолданбауы тиіс. Бұл дәрілер тек дәрігердің тағайындау бойынша қолданылу керек", - дейді Раушан Жомартқызы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram