{metadescription}
Мембағдарлама аясында баспана алмақ болған азамат 7 жылға сотталып кетті

Мембағдарлама аясында баспана алмақ болған азамат 7 жылға сотталып кетті

Мемлекеттік бағдарлама аясында жалдамалы пәтерді пара арқылы бермек болған шенеунік 7 жылға сотталды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

«2020 жылдың 7 шілдесінде Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен «Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А.Биғалиева мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы пәтер беру үшін Д.Сыдықовтан 720 мың теңге көлемінде пара алған», - деді Қайсар Баржақсынов.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, аталған үкіммен Д.Сыдықов та пара бергені және алаяқтығы үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.