Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатыр
Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
11:34 11.07.2020
15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында өткізіледі. Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады.
3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі. Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!