{metadescription}
Ақтөбе ауруханасының бас дәрігерін әріптестері ақтық сапарға шығарып салды

Ақтөбе ауруханасының бас дәрігерін әріптестері ақтық сапарға шығарып салды

Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров көз жұмды. Әріптестері оны ақтық сапарға шығарып салды.

«Әр қазақ менің жалғызым» деп соққан тағы бір жүрек тоқтады. Өкінішті. Отбасына, ағайын-туысына қайғыра көңіл айтамыз! Сіз бізге кәсіби біліктілігіңізбен қатар, адалдық, адамдық қасиеттеріңізбен үлгі болдыңыз, енді мәңгі жүрегіміздесіз», - деп жазды Хромтау аудандық ауруханасының ұжымы.

Қалихан Қозбағаровтың әріптестері карантин режимін сақтап, оны соңғы сапарға шығарып салды. Бас дәрігердің қазасына орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин де көңіл айтты.

«Облысымыздың бетке ұстар азаматы, ақ халатты абзал жан, инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы еңбек жолының көп жылдарын облысымыздың медицина саласын дамытуға және аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арнады. Антына адалдық танытып, әлемді жайлаған індетпен күрес жүргізу жолында өз басын қатерге тігіп, бар күш-жігерін жұмсап қаншама жанның өмірін сақтап қалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Үкімет отырысында «Дәрігерлеріміздің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру – өте маңызды» деген болатын. Көзге көрінбейтін майданда аянбай күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Біз де өз тарапымыздан облысымыздың дәрігерлеріне жан-жақты қолдау көрсету үшін бірқатар шараларды қабылдадық», - деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде