Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда қараусыз қалған үй өртенді
Атырау қаласында иесі қараусыз қалдырып кеткен үй өртенді.
14:08 12.07.2020
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 11 шілдеде сағат 20:52-де болған.
«Атырау қаласының Ш.Еркінов көшесінде орналасқан жеке үй өртенді. Оның жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Үйді иесі қараусыз қалдырып кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жалынды сөндіруге арнаулы қызметтің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 22:00-де толықтай сөндірілді. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда газ құю стансасында көлік жарылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram