Коронавирусты жұқтыру қаупін арттыратын факторлар аталды
Жүру жылдамдығы мен артық салмақ коронавирустың дамуына байланысты болуы мүмкін, мұндай қорытындыға британдық ғалымдар келді.
20:25 14.07.2020
Олардың зерттеу нәтижелері medRxiv порталында жарияланды. Ғалымдар биобанктегі 400 мыңнан астам британдықтардың денсаулығы туралы деректерін талдап, семіз адамдарда коронавирустан болған аурудың даму қаупі 49 пайызға жоғары деген қорытындыға келді.
Бұл ретте, мамандар дене салмағына қарамастан баяу жүретін адамдардың ауруды күшейтіп алуы мүмкін екенін айтты. Атап айтқанда, сағатына 4,8 километр жылдамдықпен жүретін қалыпты салмағы бар адамдардың сағатына 6,4 километр жылдамдықпен қозғалатын ауырсалмақтыларға қарағанда COVID-19-дың ауыр түрімен ауруға бейім.
Осылайша, зерттеушілер жүру қарқыны семіздік деңгейіне қарамастан коронавирустың ауыр түрін тудырушы факторы болып табылады деген қорытындыға келді. Мақала medrxiv онлайн-кітапханасында орналасқан және рецензиядан өткен жоқ.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!