{metadescription}
Ақтауда мысықтар мен иттерді улаған ер адам бақылау камераларына түсіп қалды

Ақтауда мысықтар мен иттерді улаған ер адам бақылау камераларына түсіп қалды

Ақтауда жануарларға жасалған тағы бір айуандық әрекет әлеуметтік желілерді дүрліктірді. 

Жергілікті тұрғындардың бірінің иті өліп қалған. Бұл жағдай ит көшедегі кіреберісте тамақты жегеннен кейін көп ұзамай болған. Әйел бұл істің бетін жылы жабуды жөн көрмей, бейнебақылау камераларын тексерген. Кадрларды қарап шыққан иттің иесі кіреберіске тамақ тастап жатқан адамды көрген.

"Бізге бірнеше рет жануарларды улағаны туралы шағымдар келіп түсті, бірақ дәлелдер болмады. Енді сөзсіз дәлелдер пайда болды", - дейді жануарларды қорғаушылар.

Сүйікті жануарынан айырылған әйел бейне көрсетілімді көргеннен кейін полицияға арыз жазуға барған. Алайда, құқық қорғау органы өкілдері улаған адам жазаға тартылмайтынын мәлімдеген.

"Тексеру барысында бейнебақылау камераларындағы ер адамның тұлғасы анықталды. Ол Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы Ақтау ветеринарлық станциясында жұмыс істейді, олардың үйсіз жануарларды аулауға лицензиясы бар", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, басылымның хабарлауынша, полицияның хабарламасында жануарларды улауға қатысты түсініктеме берілмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде