Қазақстанда карантинге жабылған сауда нысандары қашан ашылады
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-брифинг барысында карантиннен кейін бірінші кезекте ашылуы мүмкін кәсіпорындар тізімін айтты.
09:20 31.07.2020
«17 тамыздан бастап – санитарлық талаптарға жауап беретін нысандар жұмысын бастайды», - деді Ералы Тоғжанов ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық санаттағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек), балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат), сән-салондары, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар осы талаптарға сай болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!