Қазақстанда грузиялық кәсіпкер өлтірілді
Қазақстанда 42 жастағы Грузия азаматы Леван Гремелашвили өлтірілді.
10:51 31.07.2020
Телави муниципалитетінің (Кахети) Шалаури ауылының тумасы, бірнеше ай бұрын Грузиядан кетіп, Қазақстанда жеке бизнеспен айналысқан. Өлтірілген адамның отбасы мүшелері не болғанын айтпайды. Өлтіру себебі белгісіз. Көршілердің айтуынша, ер адам суық қарумен жараланған, содан кейін ол ауруханада көз жұмған.
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, кәсіпкерді өзінің танысы өлтіруі мүмкін, ол Грузия азаматы. Өлімінің алдында Гремелашвили өлтірушінің есімін айтқан деп болжанады. Грузия сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін отанына тасымалдау жөнінде келіссөздер жүргізуде. Қылмыстың нақты қай жерде болғанын телеарна хабарламады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!