Үш айлық сәбиін 5 мың долларға сатпақ болған келіншек ұсталды
Ташкентте ішкі істер органдарының қызметкерлері үш айлық нәрестесін 5 мың долларға сатуға әрекет еткен жас әйелді ұстады.
14:12 31.07.2020
Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы мәлімдегендей, қала тұрғыны 21 жастағы келіншектің өз ұлын 5 мың долларға сатып жатқанын хабарлаған. Бұл ақпарат негізінде Ташкенттің құқық қорғау органдары арнайы операция ұйымдастырған.
Нәтижесінде ақша алып жатқан жерінен келіншек пен оның 24 жастағы бірге тұрған жігіті ұсталған. Бұл іс Юунусабад аудандық прокуратурасына жіберілген.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары