Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мемлекет басшылары Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
Президенттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан халқын Құрбай айт мейрамымен құттықтап, бақ-береке тіледі.
17:01 31.07.2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп түсуде. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы достық пен бауырластықты, сауда-экономикалық, әлеуметтік, рухани-ағартушылық бағыттағы қатынастарды, сондай-ақ, халықтарымыздың ортақ сын-қатерлерге қарсы күрестегі ынтымақтастығын жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков екі ел халқының мүддесі үшін Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік, достық, одақтастық және тату көршілік байланыстар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірлесе отырып, Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған өзара ықпалдастықты жан-жақты ілгерілетуге ниетті екенін жеткізген.
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақыт және оның қолға алған барлық бастамалары мен игі істеріне табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
"Жеке өзімнің және халқымның атынан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазір бастан кешіріп жатқан қиын-қыстау кезеңде бізді біріктіретін осы қасиетті мерекеде Сізге зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін", – деп Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған өзінің құттықтау хатында жазған.
Мемлекет басшысын Құрбан айт мерекесіне орай құттықтап, жылы лебіз білдірген құттықтау жеделхаттарын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хасан Рухани, Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания королі II Абдалла, Бахрейн королі Шейх Хамад бен Иса Әл-Халифа, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Марокко королі VI Мұхаммед, Алжир президенті Абдельмаджид Теббун, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Палестина басшысы Махмуд Аббас пен Филиппин көшбасшысы Родриго Дутерте, сондай-ақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад Әл-Осеймин, ИСЕСКО-ның бас директоры Салим М.Әл-Малик, Кавказ Мұсылмандары басқармасының төрағасы, ТМД Дінаралық кеңесінің тең төрағасы, шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паша-заде жолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram